Қазақстан Республикасы Президентінің "1999 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 1999 жылғы 3 мамырдағы N 128 U990128_ Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "1999 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 1999 жылғы 3 мамырдағы N 128 Жарлығын орындауды ұйымдастыру және оның іске асырылуына тиісінше бақылау жасау Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын жинақы орналастыру үшін аудандардың, елді мекендердің тізбесін ұсынсын.
3. Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігімен бірлесіп:
дипломатиялық арналар арқылы тиісті мемлекеттердің үкіметтеріне репатрианттардың (оралмандардың) шығу және транзитті жол жүру, шығатын мемлекеттердің шекараларынан өткен кезде оларға жәрдем көрсету мәселелері жөнінде өтініш жасасын;
шет елдердің тиісті мемлекеттік органдарымен тарихи отанына оралуға ниет білдірген отандастардың азаматтық және мүліктік құқығын қорғауға байланысты шараларды пысықтасын.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қажет болған жағдайда ТМД елдеріне кірмейтін мемлекеттерден келетін репатрианттарға (оралмандарға) шекаралық бақылауды жүзеге асыру үшін уақытша бақылау-өткізу бекеттерін ұйымдастырсын.
5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстанның аумағы бойынша жол жүргенде және орналасқан жерлерінде репатрианттардың (оралмандардың) жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.