Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің әкелінетін кеден баждарына ставкаларды келісім бойынша өзгерту құжаттарына Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан келіссөздер жүргізуге және қол қоюға өкілеттік берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ерболат Асқарбекұлы Досаевтың өкілеттік сертификатын ресімдесін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.