Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243
P981243_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 45, 410-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
қаулының кіріспесі мен көрсетілген қаулыға 1 және 2-қосымшалардың атауындағы "кеден аумағына", "кеден аумағынан" деген сөздер тиісінше "аумағына", "аумағынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі:
"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037
P971037_
қаулысымен бекітілген тәртіпке сәйкес осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелуге квоталарды бөлуді және лицензия беруді қамтамасыз етсін;
1999 жылғы шілде мен желтоқсанда жекелеген тауарларды әкелу мен әкетуді уақытша шектеудің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсін.";
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Бір жылға арналған квотаның мөлшері" деген бағандағы "5000" деген сан "8000" деген санмен ауыстырылсын;"
"Тауардың атауы" деген бағандағы "Ұшқыннан оталатын ішкі жану поршеньді двигательдеріне арналған бөлшектер; басқа бөлшектер" деген сөздер "Ұшқыннан оталатын ішкі жану поршеньді двигательдеріне арналған поршеньдер, цилиндрлердің гильзалары, поршень шығыршықтары*" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде тауардың квоталанатын тауарлардың тізбесіне тиесілігі СЭҚ ТН кодымен де, оның атауымен де айқындалады.".
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бұрын қабылданған шешімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі