Ақмола облысының орталығын Көкшетау қаласына көшіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 мамыр N 604

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" 1999 жылғы 8 сәуірдегі N 114 U990114_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Ақмола облысының орталығын Көкшетау қаласына көшіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға Ақмола облысының әкіміне 247900 мың (екі жүз қырық жеті миллион тоғыз жүз мың) теңге сомасында ақша қаражатын, оның ішінде:
      облыстық басқару органдарын көшіруге байланысты қызметкерлерді босату жөніндегі шығындарға - 2763 мың теңге;
      облыстық басқару органдарын көшіруге байланысты шығындарға - 18900 мың теңге;
      тұрғын үй сатып алуға - 71000 мың теңге;
      әкімшілік үйлері мен ғимараттарын жөндеуге - 155237 мың теңге бөлетін болсын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.27. N 1991  қаулысымен. P991991_
      2. Ақмола облысының әкімі бөлінген қаражатты уақтылы игеру жөнінде қажетті шаралар қолдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.
      Омарбекова А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады