Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 мамыр N 628

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің "Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Астана қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі еншілес мемлекеттік кәсіпорнын және Алматы қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы жер ресурстары және жерге орналастыру еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңда белгіленген тәртіппен бұрын қабылданған Үкіметтің шешімдерін, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар енгізсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалаиева Н.
      Омарбекова А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады