Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және инвестициялық имиджін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігінің 2003 жылы Азия Даму Банкінің 36-шы жылдық кездесуін өткізуге Алматы қаласын ұсыну туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігін Азия Даму Банкінің 36-шы жылдық кездесуін 2003 жылы Алматы қаласында өткізу жөнінде Азия Даму Банкіне ресми сұрау салсын және онымен қажетті жұмысты ұйымдастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ораз Әлиұлы Жандосовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.