"Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы акцияларының бір бөлігін сатып алу туралы Еуропа Қайта Жаңарту және Даму банкінің ұсынысы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 мамыр N 650

     "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 684 P980684_ қаулысына және "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң "Сату туралы "келiсiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 2 қыркүйектегi N 826 P980826_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасынан және Central Asian Industrial Investments N.V. компаниясынан "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының 30,01% (отыз бүтiн нольде бiр процентiн) немесе 3 640 840 (үш миллион алты жүз қырық мың сегiз жүз қырық) дана акциясын, оның iшiнде акциялардың мемлекеттiк пакетiнен 1 820 420 (бiр миллион сегiз жүз жиырма мың төрт жүз жиырма) дана акциясын келешекте стратегиялық инвесторға белгiленген тәртiппен сату мақсатында сатып алу туралы Еуропа Қайта Жаңарту және Даму банкiнің ұсынысы толығымен мақұлдансын.
      2. Еуропа Қайта Жаңарту және Даму банкiмен келiссөздер жүргiзу мақсатында қосымшада көрсетiлген құрамда жұмыс тобын құрсын.
      3. Жұмыс тобына "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң Сату туралы келiсiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 2 қыркүйектегi N 826 P980826_ қаулысымен бекiтiлген 1998 жылғы 28 шілдедегi "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң келiсiмiне сәйкес тараптардың кеңесшiлерi консорциумымен бiрлесiп "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының бiр бөлiгiн сату кезiнде барынша тиiмдi жеткiзу мақсатыңда Еуропа Қайта Жаңарту және Даму банкiмен келiссөздер жүргізу тапсырылсын.
      4. Еуропа Қайта Жаңарту және Даму банкiмен келiссөздер жүргiзiлгеннен кейiн барынша тиiмдi шарттарға қол жеткен жағдайда жұмыс тобы тиiстi Үкiмет шешiмiнiң жобасын Үкiметке бекiтуге енгізсiн және қажет болған жағдайда Үкiметтiң ұсынылған шешiмiнен туындайтын осы мәселе бойынша заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Үкiметтiң шешiмдерiнiң жобаларын дайындасын.
      5. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрi О.Ә. Жандосовқа жүктелсiн.
      6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



                                       Қазақстан Республикасы



                                       Үкіметінің 1999 жылғы

                                          30 қыркүйектегі

                                          N 1496 қаулысына

                                            қосымша




 

     ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1496

              қаулысымен. 


P991496_




     Еуропалық Қайта Жаңарту және Даму Банкімен "Қазақтелеком"

     ААҚ акцияларының бір бөлігін сатып алу жөнінде келіссөздер

               жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы


     Бүркітбаев Серік           - Қазақстан Республикасының Көлік,

     Мінуәрұлы                   коммуникациялар және туризм

                                  министрі, жетекші


     Әбілғазин Данияр           - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Рүстемұлы                    вице-министрі, Мемлекеттік мүлік және

                                  жекешелендіру комитетінің төрағасы


     Сәйденов Әнуар             - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Ғалимоллаұлы                 вице-министрі


     Уәйісов Мерей              - Қазақстан Республикасының Әділет

     Құрманұлы                    вице-министрі


     Дәмитов Нұрдін             - Қазақстан Республикасының

     Базарұлы                     Инвестициялар жөніндегі агенттігі

                                  төрағасының орынбасары


     Жолдасбеков Азамат         - Қазақстан Республикасының Бағалы

     Мырзаданұлы                  қағаздар жөніндегі ұлттық

                                  комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)


     Сақыпов Нұрлан             - "Қазақтелеком" ашық акционерлік

     Заркешұлы                    қоғамының президенті

                                  (келісім бойынша)


     Кәрібжанов Айдан           - "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік

     Тобаниязұлы                  қоғамының басқарушы директоры

                                  (келісім бойынша)    


     ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.12. N 958

              қаулысымен.


P990958_






      Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады