"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 мамыр N 656. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.10.27. N 1612 қаулысымен. ~P991612

      Астықтың мемлекеттік ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетімен бірлесіп "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысын белгіленген тәртіппен өткізсін және 1999 жылғы 31 мамырға дейінгі мерзімде астықтың мемлекеттік резервінің бір бөлігі ретінде екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріндегі ақша нысанында сақтаулы 9 110 784 (тоғыз миллион жүз он мың жеті жүз сексен төрт) АҚШ

 

долларын республикалық бюджеттің кірісіне жіберсін.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады