"Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамының қашық магистральды екі әуе кемесін сатып алу жөніндегі мәмілені уақтылы аяқтауы қажеттігін және аталған мәміле бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беруді халықаралық құқықтық реттеудің ерекшеліктерін ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Әуе кемелерін сатып алу жобасын іске асыру туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 612
қаулысымен
бекітілген "Әуе кемелерін сатып алу" жобасы жөніндегі Қазақстан
Республикасының мемлекеттік кепілдігінің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы
министрі О.Ә.Жандосов аталған кепілдікке қол қойсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.