Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Венгрия Республикасының Егін шаруашылығы министрлігі арасындағы Ауыл шаруашылығы және ұқсату өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 31 мамыр N 668


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 1996 жылғы 7 қазанда Будапешт қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Венгрия 
Республикасының Егін шаруашылығы министрлігі арасындағы Ауыл 
шаруашылығы және ұқсату өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық туралы 
келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
          Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен
            Венгрия Республикасының Егiн шаруашылығы министрлiгi
             арасындағы Ауыл шаруашылығы және ұқсату өнеркәсiбi
                       саласындағы ынтымақтастық туралы
                                Келісім
     


      Бұдан әрi қарай "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Венгрия Республикасының Егiн шаруашылығы министрлiгi:
      - ауыл шаруашылығы саласын дамыту екi ел үшін де өзара тиiмдi болатындығын ескере отырып,
      - ауыл шаруашылығы саласында және олармен аралас салаларда екi ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды тiлей отырып,
      - жоғары өнiмдi ауыл шаруашылығы өндiрiсiн құруға көмектесу ниетiн көздей отырып,
      - осындай ынтымақтастық достық қатынастардың бұдан әрi күшеюiне жәрдемдесетiнiн мойындай отырып,
      мына төмендегiлер жөнiнде келiстi:

                               1-бап

      Тараптар өсiмдiк шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сақтау мен ұқсатуды қоса алғанда ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға көмектесетiн болады.
      Сонымен ынтымақтастықтың:
      - жүгерi өсiру технологиясын дәндi дақылға, сондай-ақ күнбағысқа енгiзудi және венгерлiк тұқымдық дәндi қолдануды кеңейту;
      - көк бұршақ пен үрме бұршақ өсiрудiң және ұқсатудың кешендi технологияларын енгiзу;
      - сүтті мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы;
      - өсiмдіктер мен жануарларды қорғау құралдары, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң сапасын арттыру;
      - генетикалық материалдарды алмасу және әртүрлi экожүйелерде ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау;
      - мал дәрiгерлiк қызметтегi диагностика мен профилактика;
      - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн көтерме және бөлшек саудада сатуға даярлайтын жүйелер мен технологиялар;
      - екi елдiң бiрiнде семинарлар және конференциялар, кездесулер ұйымдастыру және оларды өткiзу;
      - нарыққа бағытталған нысандар мен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, сақтау, ұқсату, жеткiзу және маркетингi бойынша субаймақтық жобаларды дамыту жөнiндегi үш жақтық ынтымақтастық (үшiншi донор-елдерiмен немесе халықаралық қаржыландырушы ұйымдармен);
      - сыртқы және iшкi рыноктардағы ауылшаруашылығы өнiмiнiң маркетингiн қоса алғанда, екi елдiң мемлекеттiк және жеке секторында бiрлескен кәсiпорындар құруды көтермелеу сияқты бағыттары мен салаларына ерекше маңыз берiлетін болады.

                             2-бап

      1-бапта көзделген ынтымақтастықты жүзеге асыру және қажеттi байланыстарды қамтамасыз ету мақсатында тараптардың әрқайсысынан 4 өкiлден тұратын Бiрлескен комиссия құрылады.
      Комиссия дипломатиялық каналдар арқылы алдын ала ескертiлген мерзiмдерде екi жылда бiр рет Алматы мен Будапештте алма-кезек жиналатын болады.
      Бiрлескен комиссия жалпы қызмет бағыттарын енгiзетiн таяудағы кезеңнiң жұмыс жоспарын, қол жеткен нәтижелер шолуын, ынтымақтастықтың қаржы аспектiлерiн қамтамасыз ету және оларды айқындау жөнiндегi шараларды дайындайды. Өткен кезең iшiндегi ынтымақтастықтың қол жеткiзiлген нәтижелерi комиссияның әрбiр мәжiлiсiнде қаралатын және кездесулер хаттамаларында көрсетiлетiн болады.

                            3-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң 1-бабында түсiнiк берiлген ынтымақтастық бағыттары мен салаларын практикада жүзеге асыру үшiн осы салалардағы мамандарды алмасатын болады. Мамандар iссапарымен сондай-ақ олардың ел iшiнде жүру, тұру, тамақтануымен байланысты шығыстарды Жiберушi тарап төлейдi. Бұл мамандардың баруы жайында Жiберушi тарап қабылдаушы тарапты бiр ай бұрын хабарландыруы тиiс.

                            4-бап

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Венгрия Республикасының Егiн шаруашылығы министрлiгi осы Келiсiм шеңберiнде үйлестiрушi органдар мiндетiн атқаратын болады.

                            5-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың тиiстi мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындау туралы соңғы дипломатиялық ноталарды алған сәтiнен бастап күшiне енедi және 5 жыл бойына өз күшiн сақтайды.
      Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру процесiнде туындаған даулы мәселелердi Тараптар келiссөздер жүргiзiп, кеңестер беру жолымен шешедi.

                            6-бап

      Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      Егер аталған екi Тараптың бiрi Келісімді бұзу туралы осы мерзiм бiтуге кемiнде 6 ай қалғанша екiншi Тарапқа жазбаша түрде хабарландырмаса, онда осы Келiсiмнiң мерзiмi келесi бесжылдық мерзiмiне өздiгiнен ұзартылады. Келiсiмнiң әрекетiн тоқтатқан жағдайда оның шарттарына сәйкес бұрын басталған қызмет те аяқталуы тиiс.

     Будапешт қаласында 1996 жылғы "7" қазанында әрқайсысы қазақ, 
венгер және орыс тiлдерiнде үш дана болып жасалды, сондай-ақ барлық 
мәтiндердiң күшi бiрдей.
     Осы Келiсiм мәтiндерiн түсiндiруде пiкiр алшақтықтары пайда 
болған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алады.
     
     Қазақстан Республикасының        Венгрия Республикасының
    Ауыл шаруашылығы министрлігі    Егін шаруашылығы министрлігі
             үшін                              үшін
     
     
  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Орынбекова Д.          
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады