"Алматы инвестициялық саммиті" үшінші халықаралық форумын өткізу үшін қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 5 маусым N 704

      1999 жылдың 3-4 маусымында Алматы қаласында "Алматы инвестициялық саммиті" үшінші халықаралық форумын өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігіне республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен ресми қабылдауларды өткізу және оны концерттік сүйемелдеу жөніндегі іс-шараларға ақы төлеуге арналған қосымшаға сәйкес ақша қаражатын бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі бөлінген ақша қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
5 маусымдағы
N 704 қаулысына
қосымша

"Алматы инвестициялық саммиті" үшінші халықаралық
форумын өткізудің шығыстар сметасы

      "Өкілдіктер шығыстар" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Форумның қатысушыларына арналған ресми қабылдау өткізу.
      6545 теңге х 300 адам = 1963500 теңге
      2. Еуропа Қайта жаңарту және Даму Банкінің президенті Хорст Келердің басшылығымен келген делегацияға Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан түскі ас ұйымдастыру.
      8350 теңге х 10 адам = 83500 теңге.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Форумның қатысушыларына арналған ресми қабылдауды концерттік сүйемелдеу.
      238000 теңге.
      4. Барлығы: 2 285 000 (екі миллион екі жүз сексен бес мың) теңге.

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Қасымбеков Б.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады