Қазақстан Республикасының тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-шаруашылық мақсаттағы объектілерін 1999/2000 жылдың жылыту маусымына дайындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 8 маусым N 715

      Тұрғын үй, әлеуметтiк-мәдени және әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлердi 1999/2000 жылдың алдағы күзгi-қысқы кезеңiндегi жұмысқа уақтылы және сапалы дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) бiр ай мерзiм iшiнде тұрғын үй, әлеуметтiк-мәдени және әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлердiң 1999/2000 жылдың алдағы күзгi-қысқы кезеңiнде үзiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн аймақтардың жылу-энергетикалық кешенi ұйымдарын дайындау жөніндегi iс-шаралардың жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн, оларды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
      2) электр станцияларын, қазандықтарды, жылу және электр желiлерiн, жылыту және газбен жабдықтау жүйелерiн, сондай-ақ өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы және коммуналдық-тұрмыстық объектiлерiн күзгi-қысқы жағдайлардағы жұмысқа уақтылы дайындауды үйлестiру және бақылау жөнiнде мүдделi ұйымдардың қатысуымен аймақтық жұмыс топтарын құрсын;
      3) пәтер иелерi кооперативтерiнiң жылыту және газбен жабдықтау жүйелерiн алдағы күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа дайындау жөнiндегi жөндеу-алдын алу iс-шараларын жүргiзу жөніндегi жұмысын ұйымдастырсын;
      4) тұрғын үй, әлеуметтiк-мәдени және өндiрiстiк-әкiмшілiк мақсаттағы объектілерді жылу энергиясын, суық және ыстық суды, газды есепке алатын аспаптармен одан әрi жабдықтау жөнiндегi жұмысты жалғастырсын;
      5) жылу-энергетика кешенi ұйымдары бүкiл жылыту маусымында қатты және сұйық отынды, сондай-ақ табиғи газды берiп тұруға берермендермен келiсiмшарттар жасасқан кезде отынның заңдарда белгiленген қажеттi нормативтiк запастарын қамтамасыз етудiң шарттары келiсiмдерге енгiзiлуiн бақылауды қамтамасыз етсiн;
      6) 1999 жылдың 1 қазанына дейiн аймақтық жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын мекемелерiнiң алынған электр және жылу энергиясы үшiн берешектерiн толық өтеуiн қамтамасыз етсiн және энергия өндiретiн кәсiпорындарда дайындық жұмыстарын аймақ мекемелерiнiң ағымдағы жылғы тұтынатын электр ресурстары есебiнен жүргiзу үшiн қаражатты мақсатты тұрғыда бөлудiң мүмкiндiгiн қарастырсын;
      7) 1999 жылдың III тоқсаны бойында Қазақстанның энергия өндiрушi ұйымдарымен және шет елдердiң энергия өндiрушiлерiмен, сондай-ақ "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы" акционерлiк қоғамы "КЕGОС"-пен 1999/2000 жылдың күзгi-қысқы кезеңiнде облыстың барлық тұтынушыларын электрмен жабдықтау үшiн қажеттi электр энергиясы мөлшерiн берiп отыруға қаржылық ресурстармен қамтамасыз етiлген шарттар жасасу жөнiндегi жұмысты үйлестiрсiн;
      8) жылыту маусымы басталғанға дейiн аймақтың қазандықтары мен жылу электр станцияларында отынды қажеттi көлемде дайындауды және халықты ұйымдастырсын.
      2. Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерiне 1999/2000 жылдың күзгi-қысқы кезеңiнде аймақтарда үздiксiз жылумен қамтамасыз ету мақсатында Полтарацк және Ақыртөбе газ қоймалары үшiн газдың жоспарлы түрде берiлiп тұруын ұйымдастырсын.
      3. Аймақтардың аумағында орналасқан жылу көздерiн, жылу энергиясы мен газды тасымалдау және тұтыну жүйелерiн уақтылы дайындау сондай-ақ алдағы жылыту маусымында өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы тұтынушыларын тұрақты жылумен және газбен қамтамасыз ету үшiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне жеке жауапкершiлiк жүктелсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi 1999/2000 жылдың күзгi-қысқы кезеңiндегі жұмысқа энергия көздерi, электр мен жылу энергиясын тасымалдау желiлерi дайындалуына бақылау орнатсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тиiстi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп 1999 жылдың 1 қазанына дейін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің алынған электр және жылу энергиясы үшін берешектерін толық өтеуді қамтамасыз етсін.
      6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 1999

 

жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы

қаулының орындалу барысы туралы ай сайын ақпарат беріп отырсын.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

         Омарбекова А.

         Орынбекова Д.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады