Жалақы бойынша берешегін өтеу мақсатында және "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 13 және 19-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен жалақы бойынша берешегін өтеуге Алматы облысының әкіміне 233,0 миллион (екі жүз отыз үш миллион) теңге сомада бюджеттік несие берсін.
2. Алматы облысының әкімі бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануды және несиені 1999 жылғы 1 желтоқсанға дейін қайтаруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған қаражатты
"мақсатты пайдаланылуын бақылауды және бюджеттік несиені" дер кезінде
қайтарылуын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Алматы облысының
әкімі несие келісімін жасассын. Келісімнің бір шарты ретінде Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің осы қаулының 2-тармағына сәйкес
бюджеттік несиені қайтармаған немесе толық қайтармаған жағдайда Алматы
облысы әкімінің келісімінсіз ақшаны жергілікті бюджеттің кез келген шотынан
есептен шығаруы көзделсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.