Экономика және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы Шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы энергетикалық жүйелердің өзара іс-қимылы туралы келісімді бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 14 маусымдағы N 736 Қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Келісім қолданысын тоқтатты - ҚР 24.12.2014 N 266-V Заңымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1998 жылғы 24 қарашада Мәскеу қаласында жасалған Экономика және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы Шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы энергетикалық жүйелердің өзара іс-қимылы туралы келісім бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

             Экономика және гуманитарлық салалардағы
       интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы
        Шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы энергетикалық
              жүйелердің өзара іс-қимылы туралы
                          Келісім

      Бұдан былай Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі,
      Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы экономика және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы Шартты іске асыру мақсатында,
      өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге жете мән беріп,
      дәстүрлі шаруашылық байланыстарды сақтауға және дамытуға ықылас білдіріп,
      бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруға ықпал етіп,
      энергетика жүйелеріндегі өзара іс-қимыл артықшылықтарын қолданудағы Тараптардың бірлескен мүдделіліктерін мойындап,
      көрсетілген мүмкіндіктерді іске асыру білім беру туралы құжаттарды өзара тану және барабарлығын көздейтіндігін мойындай отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

                             1-бап

      Тараптар мына мәселелерде өзара тиімді ұзақ мерзімдік ынтымақтастықты жүзеге асырады:
      электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және транзиттау;
      бірыңғай ғылыми-техникалық, технологиялық және ақпараттық кеңістікті дамыту;
      ғылыми зерттеулерді, электр энергетикасы объектілерін жобалау және салуды орындау;
      энергетикалық, электр техникалық жабдықтарды, материалдарды, қорған және басқару құралдарын өндіру.

                             2-бап

      Тараптар:
      энергетика нарығының қалыптасуы, дамуы және жұмыс істеуінің бірыңғай принциптерін қамтамасыз ететін энергетика саласындағы ұлттық заңдардың жақындасуы мен үндесуіне;
      ақпараттық қамтамасыз ету мен статистикалық есеп берудің ортақ жүйесін құруға;
      энергетика нарығының жұмыс істеуі жағдайларында электр энергиясының мемлекетаралық ағындары мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге;
      электр энергетикасы саласында энергетикалық қуаттарды, электр беру желісі, энергетиканың жабдықтары мен басқа объектілерін пайдалана отырып бірлескен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға;
      энергетика объектілеріндегі табиғи зілзалалар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде өзара көмек көрсетуге;
      энергетика саласындағы қызмет түрлеріне берілген лицензияларды өзара мойындауға бағытталған шараларды қолданады.

                           3-бап

      Тараптар:
      осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің энергетикалық және машина жасау кәсіпорындары серіктестігінің дамуына;
      өзара келісім бойынша және материалдық-техникалық ресурстарды, жабдықтарды және жөндеу бойынша қызмет көрсетулерді беріп отыру шарттарына сәйкес, энергетика кешенінің кәсіпорындарын қайта жаңарту мен техникалық қайта жарақтауды қамтамасыз етуге;
      энергетика жабдықтарына стандарттарды, сондай-ақ электр және жылу энергиясына рыноктық тарифтік (бағалық) саясат принциптерін жүйелеуге ықпал ететін болады.
 
                             4-бап

      Тараптар осы Келісімге қатысушы мемлекеттер энергетикасының кәсіпорындары мен ұйымдарының өзара тиімділік негізінде, тараптардың қолданылып жүрген заңдарын есепке ала отырып, тікелей байланыстарын дамытуға, сондай-ақ энергетика саласында бірлескен кәсіпорындар, ұлтаралық компаниялар мен қаржылық-өнеркәсіптік топтар құруына ықпал ететін болады.

                               5-бап

      Тараптар электр энергетикасында сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған баға, салық және кеден саясатын мемлекеттік деңгейде келісіп жүргізуге, электр энергиясымен, энергетика жабдықтарымен және оларға қосалқы бөлшектермен саудада өзара қабылдасты салық режимін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

                              6-бап

      Тараптар аумақтарда уағдаласушы жақтардың салымдары мен мүліктерін қорғау үшін, сондай-ақ осы Келісімнің кез-келген елінде қызмет құқығына берілген лицензияларды тараптардың өзара тануы үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.

                              7-бап

      Тараптар энергетика үшін кадрларды оқыту және қайта даярлау саласында, оларды даярлау деңгейіне бірдей талап қоя отырып, қолайлы жағдайлар жасауға міндеттенеді.

                               8-бап

      Тараптар үшінші елдермен энергетика саласында жұмыстар ұйымдастырған кезде, сондай-ақ энергетика проблемаларын халықаралық ұйымдар мен форумдарда талқылаған кезде, егер ондайлар Келісімге қатысушылардың мүдделерін қозғайтын болса, өз әрекеттерін үйлестіреді.
      Әрекеттерді үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында Тараптар қажет болған кезде бірлескен жұмыс топтарын құра алады.

                              9-бап

      Энергетика жүйелерінің өзара іс-әрекеті жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

                             10-бап

      Осы Келісімді орындауды қамтамасыз ету бойынша Тараптардың іс-әрекетін үйлестіру Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының Интеграциялық Комитетіне жүктеледі.

                             11-бап

      Осы Келісім Тараптардың, олар қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар мен келісімдерден, соның ішінде осы Келісімге қатысушы Тараптар арасында жасалғандарынан, туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

                             12-бап

      Осы Келісімді іске асыру барысында пайда болған келіспеушіліктер кеңесулер және келіссөздер жолымен шешіледі.
      Реттелмеген келіспеушіліктер Тараптардың бірінің талап етуі бойынша Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үкіметтерінің басшылары Кеңесінің қарауына енгізу үшін Интеграциялық Комитетке беріледі.

                             13-бап

      Осы Келісімге өзгертулер мен толықтыруларды Тараптар осы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылатын сәйкесінше жеке хаттамалармен ресімдейді.

                             14-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары мен принциптерін бөлісетін және Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы экономика және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы Шарттан туындайтын міндеттемелерді өзіне алуға дайын басқа мемлекеттерге қол қоюы үшін Келісім ашық.

                            15-бап

      Осы Келісім депозитарийі деп танылған Интеграциялық Комитет Тараптардың мемлекет ішкі рәсімдерді орындағандығы туралы соңғы хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Әр Тараптың депозитарийге кемінде 6 ай бұрын жазбаша хабарлау жолымен осы Келісімнен шығуға құқығы бар.
      Осы Келісімнің әрекеті тоқтатылғаннан кейін оның ережелері осы Келісімді іске асыру мақсатында жасалған шарттарға, осындай шарттарда көзделген міндеттемелер толық орындалғанға дейін, қолданыла береді.

      1998 жылғы 24 қарашада Мәскеу қаласында бір данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа данасы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының Интеграциялық Комитетінде сақтаулы, ол осы Келісімге қатысушы әр мемлекеттерге оның расталған көшірмесін жібереді.

     Беларусь
     Республикасының
     Үкіметі
     үшін

     Қазақстан
     Республикасының
     Үкіметі
     үшін

     Қырғыз
     Республикасының
     Үкіметі
     үшін

     Ресей
     Федерациясының
     Үкіметі
     үшін

     Тәжікстан
     Республикасының
     Үкіметі
     үшін

           Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы,
             Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы
                 Мемлекетаралық Кеңесінің жанындағы
                     Үкімет басшыларының кеңесі

                           Шешім

     1998 жылғы 24 қараша  N 41           Мәскеу қаласы

              Экономика және гуманитарлық салалардағы
       интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы
        Шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы энергетикалық
         жүйелердің өзара іс-қимылы туралы Келісімі туралы

      Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Мемлекетаралық Кеңесі жанындағы үкіметтер басшыларының Кеңесі шешті:

      1. Экономика және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы  1996 жылғы 29 наурыздағы шартқа қатысушылар-мемлекеттер арасындағы энергетикалық жүйелердің өзара іс-қимылы туралы Келісімі қабылдансын.
      2. Экономика және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы Шартты Тәжікстан Республикасының бекітуіне байланысты Тәжікстан Республикасына 1 тармақта көрсетілген Келісімге қол қоюға қатысу ұсынылсын.

     Беларусь          Қазақстан        Қырғыз           Ресей
     Республикасының   Республикасының  Республикасының  Федерациясы
     Премьер-Министрі  Премьер-Министрі Премьер-Министрі Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады