Мемлекеттік астық резервтері және "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 қаулысына сәйкес "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы сатып алған астықтың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 14 маусым N 746

      Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, астықтың мемлекеттік ресурстары мен резервін қалыптастыру, ұстау және пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамымен бірлесіп "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 P980998_ қаулысына сәйкес "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы сатып алған 110 000 тонна көлемдегі азық-түліктік астықты кейін қалған бөлігін республикалық бюджеттің кірісіне есептеу арқылы, 1999 жылдың екінші-төртінші тоқсандарында мемлекеттік астық ресурстарын сақтауға ақы төлеуге бағыттасын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1144
               қаулысымен. P001144_
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы алдындағы 8 миллион 800 мың АҚШ доллары мөлшеріндегі 110 мың тонна астықтың құны сомасындағы несиегерлік берешегін азайту бөлігінде 1998 жылғы 30 қазандағы N 1 несиелік шартты өзгерту жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін;
      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан

 

Республикасы Заңының жобасына 2000 жылдың ішінде астықтың мемлекеттік

резервін толық көлемінде ұстау жөніндегі қызметке ақы төлеуді қарастырсын.

     3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі берілген

астық көлемінің мақсатты пайдаланылуына бақылау орнатсын.



     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1144

              қаулысымен. 


P001144_



     4.



     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1144

              қаулысымен. 


P001144_




     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады