Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік астық ресурстары және "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 P980998_ қаулысына сәйкес "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы сатып алған астықтың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 746 P990746_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамымен бірлесіп "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 қаулысына сәйкес "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы сатып алған 110 000 тонна көлемдегі азық-түліктік астықты кейін қалған бөлігін республикалық бюджеттің кірісіне есептеу арқылы, 1999 жылдың екінші-төртінші тоқсандарында мемлекеттік астық ресурстарын сақтауға ақы төлеуге бағыттасын";
2) 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және
сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті"
деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі"
деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.