Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы бiрқатар ұйымдарды қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 маусым N 760

      "Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкiмшi-мекемелерiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Мыналар қайта ұйымдастырылсын:
      1) 1-қосымшаға сәйкес ұйымдарды бiрiктiру жолымен Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Минералды шикiзатты кешендi ұқсату жөнiндегi ұлттық орталығы" (бұдан әрi - Ұлттық орталық) республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;
      2) "Металлургия және байыту институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Металлургия институты) етiп қайта құру жолымен "Қазақстан Республикасының Минералды шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" мемлекеттiк мекемесi.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi Ұлттық орталық пен Металлургия институтына қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) болып белгiленсiн.
      3. Ұлттық орталыққа 2-қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат етiлсiн.
      4. Қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      1) Ұлттық орталықтiкi:
      уран мен басқа да бөлiнетiн материалдарды, сондай-ақ олардан жасалатын бұйымдарды өндiруге, тасымалдауға, қайта өңдеуге және көмуді қамтамасыз етуге арналған технологиялар мен жабдықтар әзiрлеу;
      босаған әскери-техникалық құралдарды ұқсатудың, көмудiң және қайта өңдеудiң технологиясын әзiрлеу және оны қамтамасыз ету;
      дәрi-дәрмек құралдарының, емдiк препараттар мен ингредиенттердiң технологияларын әзiрлеу, оларды дайындау және сату;
      2) Металлургия институтынiкi:
      қара, түстi, сирек кездесетiн және асыл металдар металлургиясы саласында ғылыми, іргелі зерттеулер жүргiзу болып белгiленсiн.
      5. Уәкiлеттi орган заңда белгiленген тәртiппен:
      1) Ұлттық орталық пен Металлургия институтының жарғыларын бекiтсiн және тiркесiн;
      2) Ұлттық орталықтың жарғылық қорын айқындасын және Металлургия институтына жедел басқару құқығымен мүлiк берсiн.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      7. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығының қызметiн қамтамасыз ету жөнінде шаралары туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 шiлдедегi N 642 P930642_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 31, 356-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми орталықтарының қызметі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 желтоқсандағы N 1668 P961668_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 511-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкіметінің 1999 жылғы
                                        15 маусымдағы N 760
                                             қаулысына
                                            1-қосымша

     Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының
      Минералды шикізатты ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы"
     республикалық мемлекеттік кәсіпорнына біріктіру жолымен қайта
                  ұйымдастырылатын ұйымдардың
                            Тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Ғылым
        министрлігі - Ғылым
        академиясының "Қазақстан
        Республикасының Минералды
        шикізатты кешенді қайта өңдеу        Алматы қаласы
        жөніндегі ұлттық орталығы"

     2. Д.Қонаев атындағы Тау-кен істері     Алматы қаласы
        институты

     3. Химия-металлургия институты          Қарағанды қаласы

     4. "Түстімет ШҒЗИ" Шығыс тау-кен        Өскемен қаласы
        металлургиялық түсті металдар
        ғылыми-зерттеу институты

     5. "Қазмехнобр" мемлекеттік             Алматы қаласы
        өнеркәсіптік экология
        ғылыми-өндірістік бірлестігі

                                        Қазақстан Республикасы
                                         Үкіметінің 1999 жылғы
                                          15 маусымдағы N 760
                                               қаулысына
                                               2-қосымша

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің
   "Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді қайта
    өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік
    кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік
                          кәсіпорындарының
                              Тізбесі

      1. Д.Қонаев атындағы Тау-кен істері     Алматы қаласы
        институты

     2. Химия-металлургия институты          Қарағанды қаласы

     3. "Түстімет ШҒЗИ" Шығыс тау-кен        Өскемен қаласы
        металлургиялық түсті металдар
        ғылыми-зерттеу институты

     4. "Қазмехнобр" мемлекеттік             Алматы қаласы
        өнеркәсіптік экология
        ғылыми-өндірістік бірлестігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады