Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi ұқсату жөнiндегi ұлттық ғылыми орталығының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 22 шiлде N 642. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.06.15. N 760 қаулысымен. ~P990760
1. Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi ұқсату жөнiндегi ұлттық орталық (бұдан әрi - Ұлттық орталық) Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық бағынысты кешендi ғылыми-техникалық бiрлестiк болып табылады деп белгiленсiн. <*>
Ғылыми орталыққа Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi тағайындайтын орталықтың Бас директоры басқаратын Бас дирекция басшылық етедi. <*>
Ұлттық орталықтың Бас дирекциясы Алматы қаласында болады.
ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.28.
N 1668 қаулысымен. P961668_
2. Ұлттық орталыққа:
республикада қара, түстi, сирек кездесетiн және асыл металдардың пайдалы қазбаларының кен орындарын игеру, шикiзатты ұтымды шығару мен тиiмдi түрде байыту, жоғары дайындықтағы бәсекеге түпкiлiктi төтеп бере алатын өнiмдердi кешендi химиялық-металлургиялық ұқсату, кен-металлургия кешенiнiң айналадағы ортаға техногендiк ауыртпалығын барынша азайту саласындағы iргелi және қолданбалы зерттеулердi жүргiзу мен үйлестiру;
республиканың кен-металлургия кешенiн дамытудың мемлекеттiк басымдықтары, дүние жүзiлiк стандарттар деңгейiнде түпкiлiктi нәтижелерге жету жолдарының перспективасын болжамдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
тау-кен iстерi, кен байыту мен металлургия саласындағы басым бағыттар бойынша республикалық, мемлекетаралық, халықаралық нысаналы бағдарламалардың жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
тау-кен iстерi, пайдалы қазбаларды байыту және металлургия саласында энергия-ресурс үнемдеушi және экологиялық жағынан таза қалдығы аз және қалдықсыз технологияларды жасау мен игеру, қазiргi бар өндiрiстердi жетiлдiру;
жаңа материалдарды, жоғары деңгейдегi және айрықша таза металдар алудың технологияларын жасау;
республиканың экспорттық әлеуетiн арттыру, ғылымға сүйенетiн және импортты алмастыратын өндiрiстер құру;
республиканың әскери-өнеркәсiп кешенiнiң жаңа технологияларын кен-металлургия саласына ауыстыруды қамтамасыз ету;
тау-кен iстерi, пайдалы қазбаларды байыту және металлургия саласындағы ғылыми және ғылыми-техникалық кадрларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруға қатысу;
ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Ғылыми орталық жасаған техниканың жоғары тиiмдi түрлерiн, жаңа технологиялар мен материалдарды игеру мен пайдаланудың көлемi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
ұлттық орталықтың мекемелерi мен ұйымдарының тәжiрибе-эксперименттiк, өндiрiстiк және әлеуметтiк саласын дамытуды қамтамасыз ету жүктелсiн.
3. Ұлттық орталықтың құрамына заңды мекемелер ретiнде мына ғылыми ұйымдарды:
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Тау-кен iстерi институтын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Металлургия және байыту институтын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Химия-технология институтын;
Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiнiң Шығыс түстi металдар ғылыми-зерттеу кен-металлургия институтын енгiзу туралы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының, ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң, Өнеркәсiп министрлiгiнiң ұсыныстары қабылдансын.
4. Ұлттық орталықты қаржыландыру мемлекеттiк бюджет, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң кредиттерi, орталықтың қызметiне мүдделi бiрлестiктер мен ұйымдардың қаражаты, сондай-ақ өз талдамаларын өткiзуден алынған қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
5. Минералдық шикiзатты кешендi пайдалану жөнiндегi республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерi бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi минерал шикiзатын кешендi пайдалану жөнiндегi республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаны орындау үшiн бюджетте ғылымды қажеттi мөлшерде қаржыландыруға көзделген қаражат есебiнен Ұлттық орталықты 1993 жылдан бастап нысаналы қаржыландырып отыратын болсын.
6. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi тiкелей шарттар бойынша ғылыми орталықты қажеттi телефон, телеграф және телекс байланысымен қамтамасыз етсiн.
7. Ұлттық орталыққа қызмет бабында пайдаланатын 2 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз