Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кездесуін дайындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 маусым N 763

      1999 жылғы 9 қыркүйекте Алматы қаласында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кездесуін дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1999 жылдың 26-28 мамыры аралығындағы кезеңде Алматы қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кездесуін дайындау жөніндегі Арнайы жұмыс тобының мәжілісін өткізу үшін республикалық бюджетте қарастырылған "Өкілдік

 

шығыстар" бағдарламасы есебінен қосымшаға сәйкес қаражат бөлсін.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



                                    Қазақстан Республикасы

                                    Үкіметінің

                                    1999 ж. 15 маусымдағы

                                     N 763 қаулысына

                                     қосымша


       1999 жылғы 26-28 мамырда арнайы жұмыс тобының

     мәжілісін өткізуге жұмсалатын шығыстардың сметасы,

                      Алматы қаласы



 
       1. "Достық" қонақүйінің конференц-залын жалға алу - сағатына 6900 теңге. АЖТ жұмысының ұзақтығы - 3 күн, 1 күнгі мәжілістің ұзақтығы - 9 сағат (9.00-18.00). Қонақүй бағаны 20%-ке азайтады.
      Барлығы: 130 640 теңге (азайтуды есепке алғанда).
 
      2. Ілеспе аударма аппаратурасын жалға алу - күніне 28750 теңге, 3

 

күнге 86250 теңге, аппаратураны орнату және қайта жинастыру үшін 17250

теңге.

     Барлығы: 103 500 теңге.


     3. Аудармашылардың қызметіне төлемақы - 2 адам (аударманың 1

сағаты 4025 - теңге, 7 сағаттан 3 күнге - 169 050 теңге).

     4. АЖТ мәжілісіне қатысушылардың құрметіне қабылдау - 40 адам (ҚР

Сыртқыісминінің қабылдау үйі - 90 мың теңге).


     Барлығы: 493 190 (төрт жүз тоқсан үш мың бір жүз тоқсан) теңге


     АЖТ мәжілісіне қатысушылардың күтіліп отырған саны - 40 адам.




       Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады