"Ақмола Жаңа Құрылыс индустриясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 маусым N 775. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.29. N 1318 қаулысымен. ~P001318

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі берілуіне орай республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету үшін "Ақмола Жаңа Құрылыс индустриясы" акционерлік қоғамын қаржылық оңалту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі берілуіне орай республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару мақсатында "Ақмола Жаңа Құрылыс индустриясы" акционерлік қоғамының герман несие желісінің шеңберіндегі міндеттемелерді қамтамасыз етуге салынған мүлкіне өндіріп алу қолдану туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" ашық акционерлік қоғамының заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай шараларды:
      1) оңалту жоспарында өндіріс циклінің тоқтаусыздығын сақтай отырып оңалту рәсімдерін жүргізуді көздеуді;
      2) кредиторлар комитеті оңалту жоспары мен оңалтушы басқарушының кандидатурасын мақұлдауы шартымен сот органдарына оңалту рәсімдерінің жүргізілгендігі туралы өтініш жолдауды жүргізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" ашық акционерлік қоғамы оңалту рәсімдерін жүзеге асырғаннан кейін "Ақмола Жаңа Құрылыс индустриясы" жобасы бойынша герман несие желісінің шеңберінде республикалық бюджеттің алдындағы берешектерді ішкі қайта құрылымдауды жүргізудің мүмкіндігін қарастырсын.
      4. Астана қаласының әкімі заңдардың талаптарын ескере отырып,

 

"Ақмола Жаңа Құрылыс индустриясы" жобасын одан әрі іске асыруға жәрдем

көрсетсін.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




      Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады