Батыс Қазақстан облысының бюджетіне түсімдердің төмен деңгейіне
байланысты аймақтағы күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға орай және
тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1999 жылдың маусымында Батыс Қазақстан облысының әкіміне 1999 жылға
арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебінен жалақы
бойынша берешектерді өтеу үшін 200 (екі жүз) миллион теңге мөлшерінде
субвенция бөлсін;
үстіміздегі жылдың аяғына дейін заңдарға сәйкес Батыс Қазақстан
облысының бюджетіне субвенция бөлу жөнінде түпкілікті есеп жүргізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.