Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 маусым N 781

      Демаркациялық карталардағы белгілерге сәйкес Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының желісін сақтау мақсатында Алматы облысындағы шекарадағы Қорғас өзенінде жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Алматы облысының әкіміне шекарадағы Қорғас өзенінің оң жағалауы бойынша шұғыл жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу үшін 20 (жиырма) миллион теңге бөлінсін.
      2. Алматы облысының әкімі 1999 жылдың IV тоқсанының қорытындылары

 

бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі

агенттігіне орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп ұсынсын.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген

қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




      Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады