Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" (бұдан әрі - Бағдарлама) 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 4189 U984189_ Жарлығын орындау үшін және Бағдарламаның 1999 жылға арналған негізгі іс-шараларын нақты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі:
1999 жылдың екінші тоқсанында шағын кәсіпкерлікті дамыту проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеулер бағдарламасын қалыптастыру үшін конкурс өткізу ережелерін әзірлесін және белгіленген тәртіппен бекітсін, оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
1999 жылдың төртінші тоқсанында шағын кәсіпкерлікті дамыту проблемалары бойынша конкурстық негізде ғылыми зерттеулер бағдарламасын қалыптастыратын болсын, оның шеңберінде үздік ғылыми зерттеуді айқындасын;
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі бір ай мерзімде шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың салалық бағдарламаларын әзірлеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі кәсіпорындардың - табиғи монополиялардың шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау жөніндегі бағдарламаларының әзірленіп, қаралуын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып:
үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында шағын бизнес субъектілерін халықты еңбекпен қамту саласындағы проблемаларды шешуге тарту жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеп, бекітсін;
үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында дәстүрлі халық кәсіпшілігін қайта өркендету орталықтарын қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеп, енгізсін;
1999 жылғы 1 қазанға дейін Министрліктің алқа отырысында жұмыс берушілердің шағын бизнес саласында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету кепілдіктерін сақтауы туралы мәселені қарасын.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бір ай мерзімде шағын кәсіпкерлік саласында игеру үшін ұсынылатын перспективалы отандық жабдықтар мен машиналардың тізбесін (каталогын) жасасын;
6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан
Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен (келісім бойынша) бірлесе
отырып көрмелер, жәрмеңкелер, сондай-ақ шағын бизнес саласында
кәсіпкерлерге арналған семинарлар мен курстар өткізуді ұйымдастырсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.