Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы N 1242 P981242_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 45, 409-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ережеде:
кіріспесіндегі және 22-тармақтағы "мемлекеттік жұмыспен қамту қызметіне", "Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің" деген сөздер тиісінше "Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға", "Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің жолдамасы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган заңдарда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған мемлекеттік тапсырысты ұйымдарға шарттық негізде орналастырады";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жергілікті атқарушы органдар ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі шараларды қамтитын жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады";
12-тармақтың екінші абзацындағы "міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру" деген сөздер алынып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Материалдық жәрдем көрсетілген, қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздарға жұмыс басталған күннен бастап материалдық жәрдем төлеу тоқтатылады";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру осы жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдардың қаражаты есебінен және еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығынды ішінара өтеу мемлекеттік бюджеттен жүргізіледі";
15-тармақта "бағдарламаларында" деген сөз "ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақта:
"Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының" деген сөздер "жергілікті бюджеттің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қолы бос халық үшін еңбекке ақы төлеу жұмыс беруші қаражатының
немесе жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі" деген сөйлем
алынып тасталсын;
18-тармақ алынып тасталсын.
21-тармақта:
"Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастырған кезде:" деген сөздер "Жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган:" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға
арналған мемлекеттік тапсырыстың атқарылғандығы туралы есеп береді;";
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.
Қасымбеков Б.