Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы мен Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 маусым N 832

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1998 жылғы 8 шілдеде Алматы қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы мен Ресей Ғылым 
академиясының Сібір бөлімшесі арасындағы ғылыми-техникалық 
ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Үкіметтің 
қабылдаған шешімі туралы Ресей жағына хабарласын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
      Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы мен
        Ресей Ғылым академиясының Сiбiр бөлiмшесi арасындағы 
             ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы
                           Келісім
     
     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Ғылым 
министрлiгі - Ғылым академиясы және Ресей Ғылым академиясының 
Сiбiр бөлiмшесi,


      1996 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы Келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

                            1-бап

      1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары ғылыми-техникалық әлеуеттердi күшейту, Тараптар мекемелерінiң арасындағы ғылыми байланыстарды дамыту, ғылыми ынтымақтастық пен өзара мүдделi салалардағы ғылыми әзiрлемелердi нақты жүзеге асыруға қол ұшын беру болып табылады.
      2. Осы ынтымақтастықтың негiзгi мiндеттерi идеялармен, ақпаратпен

және технологиялармен алмасу үшiн қолайлы жағдайлар жасау, келісімді 
басым бағыттар мен бағдарламалар шеңберiнде бiрлескен зерттеулер мен 
әзiрлемелер ұйымдастыру болады.
     
                           2-бап
     
     Осы Келiсiм аясындағы ынтымақтастық мынадай жолдармен iске асырылады:
     бiрлескен ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды әзiрлеу және жүзеге 
асыру;
     ұлттық және халықаралық гранттар алуға тапсырыстар беруге бiрлесе 
қатысу;
     бiрегей қондырғылар мен ұжымдық пайдалану орталықтарында зерттеулер
жүргiзу үшін рұқсат беру;
     қалыптастырылатын технопарктiк аумақтар шеңберiнде бiрлескен 
кәсіпорындар құру және онда өндiрiс ұйымдастыру;
     студенттермен мен жас ғалымдар үшін тағылымдамалар ұйымдастыру;
     ғылыми және басқа ақпаратпен алмасу.
     
                          3-бап
     


      1. Бірлескен ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бюджеттік, бюджеттен тыс қаражаттары, сондай-ақ шетелдiк кіріс көздері есебiнен жүзеге асырылады.
      2. Тараптар ғылымды көп талап ететiн өнiмдер шығаратын бiрлескен өндiрiстер құру үшiн инвестициялар iздестiредi.

                          4-бап

      Тараптар ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық орталықтар мен

институттар және жеке ғалымдар арасындағы тiкелей байланыстар мен 
ынтымақтастықты Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының зияндарына 
сәйкес қажеттi жағдайлар жасай отырып дамытуға жәрдемдеседi.
     
                         5-бап
     
     Осы Келiсiм шеңберiндегі ғылыми жобалар мен бағдарламаларды 
орындауға белгiлi жағдайларда және екi Жақтың келiсiмi бойынша үшiншi 
елдердiң ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық орталықтары, институттары 
мен жеке ғалымдары тартылуы мүмкiн.
     
                         6-бап
     
     Бiрлескен жұмыстарды орындау барысында алынған ғылыми нәтижелер, 
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы заңдары бойынша таратуға 
болмайтынынан басқасы, әлемдiк ғылыми қоғамдастық үшiн қол жетерлік 
болады.

                        7-бап



      Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды орындауға қатысушы ұйымдар қызметкерлерiне iссапарлары мезгiлiнде сол келген елдің азаматтары үшін қолданыстағы шарттармен медициналық, әлеуметтiк, тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсетiледi.

                         8-бап

      1. Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың басқа халықаралық шарттарға сәйкес қабылдаған міндеттемелерін қозғамайды.
      2. Осы Келiсiм барлық қажеттi iшкi мемлекеттiк процедуралардан өту басталған сәттен бастап күшiне енедi және бес жыл бойы қолданыста болады. Осы мерзiм бiткеннен кейiн Тараптар басқаша шешiм қабылдамайтын ретте Келiсiм өздiгiнен келесi бес жылдық кезеңге ұзартылады.
      3. Осы Келiсiмге Тараптар хаттамамен рәсiмдеген және осы Келiсiмнiң ажырамайтын бөлiгi болып табылатын, сонымен қатар осы Келiсiм тәртiбiмен күшiне енетiн шарт негiзiнде өзгертулер мен толықтырулар кіргiзілуі мүмкiн.
      4. Осы Келiсiмдi қолдану және түсiндiруге байланысты таласты

мәселелер Тараптар арасындағы консультациялар мен келiссөздер арқылы шешiледi.
     5. Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнен екiншi Жаққа қолданысты 
тоқтату мерзiмiнен алты ай бұрын жазбаша ескерту жiберу жолымен шығуына 
болады.
     Осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату осы Келiсiмге сәйкес жүзеге 
асырылып жатқан және оның біту мезгiлiнде аяқталмаған ынтымақтастыққа 
қатысты ғылыми жұмыстардың орындалуын қозғамайды.
     1998 жылғы шiлдеде Алматы қаласында әрқайсысы 2 данадан - қазақ
және орыс тiлдерiнде жасалды, сонымен қатар екi мәтiннiң де күшi бiрдей.
     
     Қазақстан Республикасының              Ресей Ғылым
        Ғылым министрлігі -               академиясының Сібір
      Ғылым академиясы үшін               бөлімшесі үшін
     
     
     
     Оқығандар:
         Омарбекова А.
         Қасымбеков Б.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады