Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы қаржыларының кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылға 24 маусымдағы N 844 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 848 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 848 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы қаржыларын инвестициялауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша жинақтаушы зейнетақы қаржыларын тұрақты бағалаудың тәртібі туралы нормативтік құқықтық акті әзірлеу және оны бекіту ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы қаржыларын тұрақты бағалауды жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету жөнінде шаралар қабылдасын;
      өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады