Қазақстан Республикасының кеден органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудің кейбір мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдаңы N 849 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.

      Республиканың кеден органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы"№Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: <*>
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен.

      1. Мемлекеттің меншігіне қаратылған тауарларды, көлік құралдарын және өзге де заттарды сатудан түсетін қаражат, оларды "Жібек жолы" өткізу пунктінің құрылысына және кеден органдарының басқа да объектілерін материалдық-техникалық дамытуға пайдалану үшін, кейін оларды заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң шотына мақсатты бағыттау арқылы республикалық бюджетке есептеледі деп белгілесін. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi белгіленген тәртіппен он күндік мерзімде, сатуға жатпайтын не сатылмаған тауарлар, көлік құралдары және өзге де заттар кейін оларды "Жібек жолы" өткізу пунктінің құрылысы кезінде және кеден органдарының басқа да объектілерін материалдық-техникалық дамытуға мақсатты пайдалану үшін Қазақстан Республикасының кеден органдары берілетіндігін көздеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттің меншігіне қаратылған және сатуға жатпайтын тауарлардың, көлік құралдарының және өзге де заттардың тізбесі туралы" қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады