Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметінің арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылсын.
2. Сауда-экономикалық байланыстар мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Румыния үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Шалбай Құлмаханұлы Кұлмахановқа румын жағымен жоғарыда аталған Келісімге қол қою туралы келіссөздер жүргізу тапсырылсын.
3. Сауда-экономикалық байланыстар мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Румыния үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Шалбай Құлмаханұлы Құлмахановқа Келісімнің жобасына принципті сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге
рұқсат етіп, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметінің
арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге Қазақстан
Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.
Қасымбеков Б.