Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметінің арасындағы Өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы конвенцияға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 25 маусым N 857

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ заң күші бар Жарлығының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметінің арасындағы

 

Өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы конвенцияға қол

қойылсын.

     2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қадырхан

Махмұтұлы Отаровқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметінің

арасындағы Өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы

конвенцияға Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік

берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады