Ұлттық мұражайдың және Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің оқу-әкімшілік корпусының құрылысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 25 маусым N 861. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.13. N 1384 қаулысымен. ~P991384

      Ұлттық мұражай мен Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің оқу-әкімшілік корпусы жобаларының құрылысын уақытылы аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "GML International LTD" компаниясын (Ұлыбритания) жеңімпаз деп айқындаған "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы өткізген кредиторды таңдау жөніндегі тендердің нәтижелері назарға алынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) өтеу мерзімі кемінде бір жыл және сыйақы (мүдде) ставкасы жиынтық ЛИБОР+4,5 проценттен аспайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес сыртқы заемды тарту жөнінде "GML International LTD" компаниясымен келісімге (мандат) қол қойсын;
      2) Қазақстан Республикасының "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер берудің лимиті шегінде, "Ақмола - Жылжымайтын мүлік" күрделі құрылыс басқармасы" мемлекеттiк кәсiпорнының ақшалық мiндеттемелерiне жалпы сомасы 26 (жиырма алты) миллион АҚШ доллары болатын векселіне кепілдік міндеттемені ресімдеу жолымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін;
      3) 2000 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру

 

кезінде тартылған заемға қызмет көрсету және өтеу жөніндегі шығыстарды

көздесін;

     4) тартылатын қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды

қамтамасыз етсін;

     5) "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамымен заемға

қызмет көрсету жөніндегі агенттік келісім жасассын.

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.09. N 1118

              қаулысымен. 


P991118_



     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.          






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады