"Кедентранссервис" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 маусым N 864

      Жаңғыртуға инвестициялар тарту және уақытша сақтау қоймаларының желiсiн кеңейту, шекаралық, автомобиль, темiр жол және басқа да өткiзу бекеттерiн халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру кеден жанындағы инфрақұрылым базасын дамыту, кедендiк ресiмдеудi және басқа да рәсiмдердi есепке алуды компьютерлендiру және автоматтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Кедентранссервис" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мемлекеттiң жүзпроценттiк қатысуымен жабық акционерлiк қоғам (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi:
      1) "Кедентранссервис" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының балансында тұрған мүлiктi Қоғамның жарғылық капиталына берсiн;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiмен бiрлесiп Қоғамның жарғысын бекiтсiн және белгiленген тәртiппен оны мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын берсiн.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 138 P990138 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 6, 37-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады