Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 маусым N 902

      1998 жылғы мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында болған табиғи зілзаланың зардаптарын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазығұрт ауданындағы жауынның көп жаууына, сел тасқындарына және көшкіннің болуына байланысты төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға, сондай-ақ зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне 10 (он) млн. теңге бөлінсін.

 

     Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.07. N 364          

              қаулысымен. 


P000364_



     2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі 1999 жылдың IV тоқсанының

қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар

жөніндегі агенттігіне орындалған жұмыстардың көлемдері мен құны жөнінде

баяндасын.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген

қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.          





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады