Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 7 наурыз N 364

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір

шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

     2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір

шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                               Қазақстан Республикасы

                                                    Үкіметінің

                                               2000 жылғы 7 наурыздағы

                                                  N 364 қаулысымен

                                                     бекітілген



                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                  кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер



 
       1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы N 902 P990902_ қаулысына:
      1-тармақтағы "30 (отыз) млн.теңге" деген сөздер "10 (он) млн.теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар алушылар бойынша орталықтандырылған деректер базасын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1468 P991468_ қаулысына:
      2-тармақтағы "101072000 (жүз бір миллион жетпіс екі мың) теңге" деген сөздер "90702000 (тоқсан миллион жеті жүз екі мың) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Шымкент қаласын жылумен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы"

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қазандағы N 1589 


P991589_
 


қаулысына:

     1-тармақтағы "140000000 (бір жүз қырық миллион) теңге" деген сөздер

"100000000 (бір жүз миллион) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.

     4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер

енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27

желтоқсандағы N 1991 


P991991_
 

  қаулысына:

     1-тармақтың 2)-тармақшасы алынып тасталсын.



                                               Қазақстан Республикасы

                                                     Үкіметінің

                                              2000 жылғы 7 наурыздағы

                                                  N 364 қаулысына     

                                                      қосымша



                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                    күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі


     1. "White & Case" фирмасының қызмет көрсетулеріне ақы төлеу туралы"

;Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы N 841 


P990841_
 


қаулысы.

     2. "Республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы" Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1470 


P991470_
 

  қаулысы.

     3. "Алматы қаласындағы төтенше жағдайдың зардабын жою үшін қаражат

бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қазандағы

N 1576 


P991576_
 

  қаулысы.




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады