"Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 шілде N 916

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын

азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы шартты бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                                            жоба


                   Қазақстан Республикасының Заңы


     Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын

     азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы шартты бекіту туралы


     1998 жылдың 28 сәуірінде Мәскеу қаласында жасалған Бір

мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтарының

құқықтық мәртебесі туралы шарт бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

        Президенті


         Бір мемлекеттің басқа мемлекет аумағында тұрақты

          тұратын азаматының құқықтық мәртебесі туралы

                              Шарт



 
       Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы
      достастық қатынастарды олардың арасында одан әрі дамыту мақсатында,
      өз азаматтарының мүдделері үшін Тараптардың әрқайсының аумағында олардың тұруына тең жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтыла және, осыған орай, бір Тараптың басқа тарап аумағында тұрақты тұратын азаматтарына осы басқа Тарап азаматының құқықтық мәртебесіне барынша жақындатылған

 

құқықтық мәртебе беруге тілек білдіре отырып,

     мына төмендегілер туралы уағдаласты:


                             1-бап


     1. Осы Шарттың мақсаты үшін

     а) "тұрақты тұрғын" бір Тараптың басқа тарап аумағында осы басқа

Тарап берген рұқсаттың негізінде тұрақты тұратын азаматын білдіреді;

     б) "Азаматтық Тарабы" тұрақты тұрғын азаматы болып табылатын Тарапты

білдіреді;

     в) "Тұру Тарабы" тұрақты тұрғын тұрақты тұратын аумақтың Тарабын

білдіреді.


                             2-бап



 
       1. Осы Шартқа сәйкес тұрақты тұрғынның мәртебесін куәландыратын Тараптардың танитын рұқсаты тұру Тарабының құзыретті органдары беретін құжат немесе тұру Тарабының құзыретті органдарының тұрақты тұрғынның жеке басын және азаматтығын куәландыратын және азамат Тарабының заңдарына сәйкес берілетін құжаттарға қоятын белгі болып танылады.
      2. Тараптар дипломатиялық арналар бойынша осы баптың 1-бабында көрсетілген құжаттар үлгілерімен алмасады.
      3. Тұрақты тұрғынның оқуға, жұмысқа, емделуге, іссапарға, әскери қызметке және басқа да осындай жағдайларға байланысты тұру Тарабы аумағының шегінен тыс жерлерге шығуы оның осы Шартпен айқындалған құқықтық мәртебесіне ықпал етпейді.
 
                              3-бап
 
      Тұрақты тұрғын азаматтық Тарабымен құқықтық байланысты сақтайды, оның қамқоршылығын және қорғаншылығын пайдаланады.
      Тұрақты тұрғын тұру Тарабының заңдарын және басқа нормативтік құқықтық актілерін сақтауға, сондай-ақ салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге міндетті.
 
                              4-бап
 
      Тұру Тарабының азаматтары сияқты тұрақты тұрғындар да осындай құқықтар мен еркіндіктерді пайдаланады, осы Шартпен және Тараптардың Конституцияларымен белгіленген осындай міндеттер көтереді.
      Осы шарт күшіне енгеннен кейін шетел азаматтары үшін тұру Тарабында белгіленуі мүмкін құқықтардағы шектеулер немесе қосымша міндеттер бір Тараптың басқа Тарап аумағында тұратын азаматына қолданылмайды.
      Тұрақты тұрғын тұру Тарабында жалпыға бірдей әскери міндеттілік көтермейді және тұру Тарабының заңымен мынадай құқықтарды жүзеге асырудан шектелуі мүмкін:
      а)№тұру Тарабының жоғарғы мемлекеттік қызметтеріне және сайланбалы мемлекеттік органдарына сайлауға және сайлануға;
      б) тұру Тарабы жүргізетін референдумдарға (халықтық дауыс беруге) қатысуға;
      в) тағайындалуы тұру Тарабының азаматы болуды көздейтін тұру Тарабының өкілді, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдарындағы қызметтерге тұруға.
 
                          5-бап
 
      Кіру, тұру және шығу шарттары мен тәртібіне байланысты шетел

 

азаматтары үшін тұру Тарабында белгіленген немесе белгіленуі мүкін

шектеулер тұрақты тұрғынға қолданылмайды.


                     6-бап


     1. Азаматтық Тарабының оқу мекемесінде тұрақты тұрғынға берілген

білім деңгейі және (немесе) біліктілігі туралы мемлекеттік үлгідегі

құжаттар олардың берілген күндеріне қарамастан тұру Тарабының аумағында

танылады.

     2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар тұрақты тұрғынға

кез келген Тараптың аумағында орналасқан оқу мекемесіне түсу құқығын

береді, және құжаттарда көрсетілген мамандық бойынша жұмысқа алу кезінде

жарамды.


                    7-бап



 
       Егер Тараптар арасында басқа Шартпен өзгеше көзделмесе, тұру Тарабының заңдарына сәйкес белгіленген шарттармен тұрақты тұрғын тұру Тарабы аумағындағы мемлекеттік меншікті жекешелендіруге қатысады.
 
                   8-бап
 
      1. Осы Шартқа қатысушылар болып табылмайтын мемлекеттермен Тараптардың мемлекеттік шекараларынан өтуге құқық беретін құжаттарды тұру Тарабының аумағында азаматтық Тараптың дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері тұру Тарабының тиісті органдарының келісулері бойынша береді.
      2. Азаматтық Тарабының және тұру Тарабының заңдарында көзделген шығуға шектеулер тұрақты тұрғынға қолданылады. Тараптар азаматтық Тарабының немесе тұру Тарабының заңдарына сәйкес белгіленген шығуына шектеулер қолданылатын тұрақты тұрғындардың осы Шарттың қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттерге шығуына жол бермеу щараларын қолданатын болады.
 
                                9-бап
 
      1. Тұрақты тұрғынның әрекет қабілеттілігі азаматтық Тарабының заңдары бойынша анықталады.
      2. Тұрақты тұрғынның азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты әрекет қабілеттілігі тұру Тарабының заңдары бойынша анықталады.
      3. Тұрақты тұрғынның әрекет қабілеттілігін шектеу немесе қалпына келтіру жөніндегі істер бойынша, сондай-ақ тұрақты тұрғынды хабарсыз жоқ болған деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау жөніндегі істер бойынша және тұрақты тұрғынның қайтыс болу фактісін анықтау жөніндегі істер бойынша тұру Тарабының құзыретті органдары азаматтық Тарабының дипломатиялық өкілдіктеріне немесе консулдық мекемесіне хабарлайды.
 
                          10-бап
 
      1. Асырап алушы, қамқоршы немесе қорғаншы тұрақты тұрғын болған, ал бала асырап алу немесе оны жоюға қатысты қамқоршылық немесе қорғаншылық белгіленуі немесе жойылуы жүзеге асырылуға тиісті тұру Тарабының адамы болып табылса, бала асырап алу немесе оны жою, қамқоршылық пен қорғаншылықты тағайындау немесе жою осы Тараптың заңдарымен реттелінеді.
      2. Тұрақты тұрғынға қатысты бала асырап алу немесе оны жою жүзеге

 

асырылған жағдайда, қамқоршылық және қорғаншылық белгіленеді немесе

жойылады, азаматтық Тарабының заңдары қолданылады.


                       11-бап


     Осы Шарт бекітілген немесе олардың арасында жасалған немесе

жасалуы мүмкін осы Шартпен көзделгендігіне қарағанда, бұдан анағұрлым

қолайлы белгіленген тәртіп Тараптардың заң ережелеріне және

халықаралық шарттарға залал келтірмейді.


                       12-бап


     Осы Шартты қолдануға немесе түсіндіруге  байланысты туындайтын

даулар мен пікір алшақтықтары Тараптар арасында консультация немесе

келіссөз жолымен шешіледі.


                       13-бап



 
       1. Осы Шарт бекітуге жатады. Бекіту грамоталары осы Шарттың депозитарийінің тағайындауымен Интеграциялық Комитетке сақтауға беріледі.
      2. осы Шартқа қол қоймаған кез келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекет осы Шартқа қосылу туралы грамотасын депозитарийге өткізіп оған қосыла алады.
 
                       14-бап
 
      1. Осы Шарт сақтауға төртінші бекіту грамотасын өткізген күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
      2. Осы Шартты бекітетін немесе ол күшіне енгеннен кейін оған қосылатын әрбір мемлекет үшін осы мемлекет өзінің бекіту грамотасын сақтауға тапсырған күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
 
                        15-бап
 
      Осы Шарттың кез келген Тарабы бұл туралы депозитарийге жазбаша

 

хабарлама жолдай отырып одан шыға алады. Осындай хабарламаны

депозитарий алған күннен бастап он екі ай өткеннен кейін Осы Тарапқа

қатысты осы Шарттың күші тоқтатылады. Бір түпнұсқа данасы орыс тілінде

1998 жылғы 28 сәуірде Мәскеу қаласында жасалды.

     Түпнұсқа данасы осы шартқа, оның куәландырылған көшірмесіне, қол

қойған әрбір мемлекетке жолдайтын Беларусь Республикасының, Қазақстан

Республикасының, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының

Интеграциялық Комитетінде сақталады.


          Беларусь      Қазақстан      Қырғыз        Ресей

         Республикасы  Республикасы  Республикасы   Федерациясы

             үшін         үшін          үшін          үшін


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады