Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасы Үкіметінің арасындағы Медицина және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 5 шілде N 926


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 1997 жылғы 10 қыркүйекте Алматы қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасы Үкіметінің арасындағы 
Медицина және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім 
бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                Қазақстан Республикасы Үкіметі мен 
              Түрік Республикасы Үкіметі арасындағы
           медицина және денсаулық сақтау саласындағы
                     ынтымақтастық туралы
                            Келісім 
     
     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 4, 35-құжат)
    (1999 жылғы 16 шілдеде күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., 
         Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 85 бет) 
     


      Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрік Республикасы Үкіметі (әрі қарай "Тараптар" деп аталады), медицина және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық кең ауқымда дамыту жөніндегі ниеттерін білдіре отырып төмендегідей келісімге келді:

                            1-Бап

      Тараптар екі жақтың теңдігін бір-біріне пайдалы және керекті болуын ескере отырып, медицина және денсаулық сақтау салаларында бірлесе қызмет етуді жақтайды. Арнаулы салада бірлесе қызмет істеу, тараптар мүддесін ескере отырып, екі жақтың келісімі бойынша жасалады.

                           2-Бап

      Тараптар медицина мен денсаулық сақтау жөнінің мына салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытатын болады:
      - жаңалықтармен алмасу;
      - қысқа мерзімде оқып, біліктендіріп, мамандық квалификациясын

жоғарылату арқылы кеңес беретін тәжірибелі мамандармен алмасу;
     - бір-біріне қызығушылық білдірген ұжымдар мен ұйымдар арасында 
тікелей байланыс орнату;
     - және медицина мен денсаулық сақтау саласында бірлесіп қызмет 
істеудің басқа түрлері Тараптардың келісімі бойынша.
     
                           3-Бап
     
     Тараптар бір-біріне табиғат зардабынан, экономикалық және басқа 
да апаттардан тауқымет тартқан жағдайда бір-біріне көмек көрсету және 
мұндай жағдайда халықаралық қызметтік ұйымдардың көмек көрсетуіне ықпал 
жасау.
     
                           4-Бап
     
     Тараптар екі жақтың да назарын аударатын жұқпалы және карантинді 
аурулар мен ауру туралы мағлұматтарды алмастырады.
     
                            5-Бап
     


      Тараптар медицина проблемалары мен денсаулық сақтау салалары бойынша өтетін халықаралық конгресстер мен симпозиумдарды біріне-бірі хабардар етеді. Тараптас елдің сұрауы бойынша тақырыбына сай материалдарды жібере алады.

                            6-Бап

      Медицина мен денсаулық сақтау саласындағы индустриялық және технологиялық мүмкіндіктерді жоғарғы деңгейде пайдалану үшін:
      - Тараптастар өндіріс орындарын жетілдіру, сату және медициналық құрал жабдық, дәрі-дәрмек, шикізат саласындағы жетістіктерді үйреніп, оның технологиялық, экономикалық және сауда байланыстарын қорғап оларды құруға жағдай жасау.
      - Тараптар екі жақтың үшінші бір елде бірлескен қызметін қорғауға тиіс.
      Импорт пен экспортқа керекті тіркеу сертификаттарды әр елдің денсаулық сақтау мекемелері арқылы жеделдетілген түрде өткізілетін болады. Тараптар лабораториялық және клиникалық практикада қолданылып бағалау баяндамаларында белгіленген, бірлескен қызмет жүйесін атап өтіп, оны ақшалай қолдап отыруға тиіс. Керекті жағдайда лабораториялы бақылау арқылы бағаланып, клиникада қолданып тексеру өткізе алады.

                            7-Бап

      Осы Келісім іске асқан жағдайда әр елдің мамандары мен басқа жұмыскерлерін жіберер болса:
      - маман жіберетін жақ, қабылдайтын елдің астанасына дейін барып және қайту жол шығынын көтереді,
      - қабылдайтын жақ тамақ пен жататын орын ақысын, керек болса, ел ішінде жүріп-тұру қаражатын төлеуді мойнына алады,
      - қабылдайтын жақ жіберілген маман төтенше жағдайда медициналық көмек көрсетуге тиіс (тіс протезін салдыру бұл бапқа жатпайды).

                              8-Бап

      Бұл Келісімнің орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрік Республикасы Үкіметіне жүктеледі. Тараптар өздері қай саланың қалай қарым-қатынас жасайтынын өздеріне тиімді мерзімде қанша және қашан екенін жоспарына және жұмыс программаларына сәйкес анықтайды.

                             9-Бап

      Бұл Келісім, Тараптардың бұл үшін қажетті ішкі мемлекеттік

процедураларды орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен 
бастап күшіне енеді.
     Бұл Келісімнің мерзімі бес жыл, бұдан соң автоматты түрде бір-бір 
жылдан созылып тұрады, егер Тараптастар көрсетілген мерзім бітерден 
алты ай бұрын келісімді тоқтататыны туралы мәлімдемесе.
     Келісім 1997 жылдың қыркүйек айында қазақ, орыс, түрік және 
ағылшын тілдерінде екі данадан басылған. Әр тілдегі текстердің күші бірдей.
     Егер бұл келісімді оқығанда түсініктерде әртүрлі мән болса, 
Тараптар ағылшын тіліндегі текстке жүгінеді.
     
     Қазақстан Республикасының       Түрік Республикасының
         Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін
     
     
     Мамандар:
       Қобдалиева Н.
       Омарбекова А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады