Барлау жұмыстарын жүргізу және "Протон" ракета тасығыштың авариясының зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қарағанды облысының әкіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің
резервінен "Протон" ракета тасығыштың авариясының зардаптарын жоюға 10(он)
миллион теңге бөлінсін.
2. Қарағанды облысының әкімі 1999 жылдың ІҮ тоқсанның қорытындысы
бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне
орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы баяндасын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.