"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 шілде N 945

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінің қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінiң шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлгі бiр айлық мерзiмде заңдарда белгiленген тәртiппен: 
      1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп Кәсiпорынның құрылтайшы құжаттарында оның қызмет аясын айқындасын;
      2) Кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
      3) Кәсiпорынның жарғысын әзiрлесiн және бекiтсiн;
      4) Кәсiпорынды тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады