Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 шілде N 965. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.11.12. N 1691 қаулысымен. ~P991691

 


     Қазақстан Республикасының Президентінің 1999 жылғы 31 наурызда

Парламент палаталарының бірлескен мәжілісінде сөйлеген сөзінен

туындайтын міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы

Президентінің Әкімшілігі Шараларының өзара байланысты тарифтік,

өнеркәсіптік және көліктік саясатты қолданудың қажеттігі туралы

17-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:


     1. Мына құрамда Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия

құрылсын:


     Жандосов Ораз Әлиұлы    - Қазақстан Республикасы

                               Премьер-Министрінің

                               орынбасары - Қаржы

                               министрі, төраға


     Радостовец Николай

     Владимирович            - Қазақстан Республикасының

                               Табиғи монополияларды

                               реттеу және бәсекені

                               қорғау жөніндегі агенттігінің

                               төрағасы, төрағаның

                               орынбасары


     Кәкімжанов

     Зейнолла Халидоллаұлы   - Қазақстан Республикасының

                               Мемлекеттік кіріс министрі


     Бүркітбаев Серік       

     Мінуарұлы               - Қазақстан Республикасының

                               Көлік, коммуникациялар

                               және туризм министрі


     Әблязов Мұхтар          - Қазақстан Республикасының

     Қабылұлы                  Энергетика, индустрия және

                               сауда министрі


     Мұхамеджанов           

     Бауыржан Әлімұлы        - Қазақстан Республикасының

                               Әділет министрі


     2. Ведомствоаралық комиссияның төрағасы оның жұмыс регламентін бекітсін.


 
       3. Жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін Ведомствоаралық комиссияға белгіленген тәртіппен барлық мемлекеттік органдар мен меншік нысандарына қарамастан ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін жұмысқа тартуға рұқсат етілсін.
      4. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет көрсетулеріне арналған тарифтерді бекіту кезінде Ведомствоаралық комиссияның ұсынымын ескерсін.
      5. Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органының функциялары

 

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені

қорғау жөніндегі агенттігіне жүктелсін.

     6. "Көлікте біртұтас тарифтік саясатты қалыптастыру жөнінде

комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999

жылғы 4 наурыздағы N 26 


R990026_


  өкімінің күші жойылды деп танылсын.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М

    Омарбекова А.Т.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады