Бірыңғай тарифтік саясатты қалыптастыру және отандық өнімдердің
өзіндік құнындағы көліктік құраластарды кеміту, сондай-ақ көлік
ұйымдарының шығындарын оңтайландыру мақсатында:
1. Жүктерді, жолаушыларды және қызмет көрсетулерді тасымалдауды
жүзеге асыратын ұйымдар үшін бірыңғай тарифтік саясатты қалыптастыру
жөніндегі комиссия мына құрамда құрылсын:
Бүркітбаев Серік - Көлік, коммуникациялар және туризм
Мінуарұлы министрі, төраға
Радостовец Николай - Қазақстан Республикасының Табиғи
Владимирович монополияларды реттеу және бәсекені қорғау
жөніндегі агенттігінің төрағасы, төрағаның
орынбасары
Әбілғазин Талғат - "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық
Байтемірұлы мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
Уәйісов Мерей - Әділет вице-министрі
Құрманұлы
Жолдыбаева Сәуле - Энергетика, индустрия және сауда вице-
Мусинқызы министрі
Мырзахметов Абылай - "Қазақстан темір жолы" республикалық
Исабекұлы мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
Наурызбаев Әсет - "KEGOC" акционерлік қоғамының
Қабдошұлы президенті (келісім бойынша)
Сақыпов Нұрлан - "Қазақтелеком" ашық акционерлік
Зәркешұлы қоғамының президенті (келісім бойынша)
Үпішев Ерлан - "ҚазТрансОйл" жабық акционерлік
Елемесұлы қоғамының президенті (келісім бойынша)
2. Бірыңғай тарифтік саясатты айқындау үшін Комиссияға меншік нысанына қарамастан, барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрауға рұқсат етілсін.
3. Комиссия:
1) бес күн мерзім ішінде тасымалдаудың кепілдік көлеміне қарай жеңілдіктер беруді көздей отырып, Ақтау порты арқылы, сондай-ақ Теңіз- Атырау-Ресей бағытында мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған бірыңғай тариф жөнінде ұсыныстарды әзірлесін;
2) Комиссияның Жұмыс регламентін бекітсін.
4. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі жүктерді, жолаушыларды және қызмет көрсетулерді тасымалдауға арналған тарифтерді бекіту кезінде Комиссияның шешімдерін қатаң басшылыққа алсын.
5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
Премьер-Министр