Бұрын республикалық бюджеттен бөлiнген мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша үкiметтiк кепiлдiктердi атқаруға бағытталған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Жарғылық капиталында мемлекеттiң 100 проценттiк қатысуымен "Қазлизинг" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервтiк қорынан 10 000 000 (он миллион) теңге бөлсiн.
3. Қоғам қызметiнiң негiзгi бағыттары заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың қаражатына сатып алынған мүлiктiң құнын бағалау жөнiндегi жұмысқа қатысу;
2) мүлiктi лизингке, оның iшiнде тендерлер өткiзу жолымен берудi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiтудi және оны мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз
етсiн;
2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп
заңдарда белгiленген тәртiппен Қоғамға беру үшiн ұсынылатын
мүлiктердiң тiзбесiн айқындасын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Орынбекова Д.