Атырау аймағындағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңартудың жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 шілде N 981

      Атырау мұнай өңдеу зауытын қазіргі заманғы деңгейге шығару, мұнай өнімдерінің сапасын жақсарту, кәсіпорындағы және Атырау қаласындағы экологиялық жағдайды сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен "Қазақойл" мұнай-газ ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Қазақойл" ҰМК ЖАҚ) Атырау мұнай-өндеу зауытын (бұдан әрі - Атырау МӨЗ) қайта жаңарту жобасы бойынша жүргізіп жатқан жұмысы мақулдансын.
      2. "Қазақойл" ҰМК ЖАҚ-ы Атырау МӨЗ-нің технологиялық қондырғыларын жобалау және салу жөнінде тапсырысшы болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кіріс министрлігі, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Қазақойл" ҰМК ЖАҚ-ымен бірлесе отырып белгіленген тәртіппен екі ай мерзімде Атырау МӨЗ-нің "Марубени Корпорейшн" компаниясы әзірлеген техникалық-экономикалық негіздемесінің сараптамасын және оны келісуді жүргізсін.
      4. "Қазақойл" ҰМК ЖАҚ қайта жаңартудың жобасын техникалық, қаржылық

 

және заңдық жағынан бағалау үшін заңдарда белгіленген тәртіппен

консультанттарды тартсын.    

     5. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



      Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады