Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысын іске асырудың жекелеген мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 17 шілде N 994

      Мемлекеттік меншікті республикалық және коммуналдыққа бөлу процесін жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне:
      1) жергілікті атқарушы органдардың құрылымында коммуналдық меншікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға жауапты бөлімшелерді айқындау;
      2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысымен (бұдан әрі - қаулы) айқындалған республикалық меншіктің объектілерін коммуналдық меншікке қабылдауды жандандыру жөнінде қажетті шаралар қолдану ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік

 

мүлік және жекешелендіру комитеті 1999 жылдың 5 тамызына дейінгі

мерзімде осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес республикалық меншік

объектілерін коммуналдық меншікке беруді аяқтау үшін қажетті шаралар

қабылдасын.

     3. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Орынбекова Д.

   Кобдалиева Н.      







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады