Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 шілде N 1008

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ заң күші бар Жарлығының 16-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1998 жылғы 21 қыркүйекте Бухарест қаласында жасалған Қазақстан

 

Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы Мәдени

ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



           Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Румыния Үкіметі

                 арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы

                               келiсiм*


     *(2001 жылғы 12 ақпанда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары

                   бюллетені, 2002 ж., N 1, 8-құжат)


     Бұдан былай "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының

Үкiметi мен Румыния Yкiметi,


 
       екi ел халықтарының арасындағы достық пен өзара түсiнiстiк қатынастарын дамытуға және нығайтуға тiлек бiлдiре отырып,
      екi елде жүрiп жатқан терең қайта құруларды ескере отырып,
      мәдениет, бiлiм беру, ғылым, спорт саласындағы, сондай-ақ басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамыту ниетiн басшылыққа ала отырып,
      Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi Хельсинки Кеңесiнiң Қорытынды актiсiнiң және жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясының ережелерiне адалдығын қуаттай отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 
                             1-Бап
 
      Мәдени ынтымақтастықты жан-жақты дамыту және нығайту мақсатында Тараптар:
      а) мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлерiмен, көркем және шығармашылық ұжымдармен, оқытушылармен және мамандармен алмасуды;
      ә) өзара мүдделiлiк бiлдiрiлетiн ғылыми және көркем әдебиеттердi аударуды және жариялауды;
      б) мәдениет пен өнер күндерiн, түрлi көрмелердi, фильм фестивальдарын ұйымдастыруды және өткiзудi, театр қойылымдарымен, би және музыка өнерi топтарымен, оның iшiнде коммерциялық негiзде, алмасуды;
      в) ғылыми, ғылыми-танымал және көркем әдебиетпен, фильмдермен, мерзiмдiк басылымдармен музыкалық жазбалармен және партитурамен алмасуды;
      г) ақпараттық және архивтiк материалдармен алмасуды;
      д) баспа қызметi, полиграфия және кiтап саудасы саласындағы ынтымақтастықты көтермелейтiн және қолдайтын болады.
 
                        2-бап
 
      Тараптар өздерiнiң аумақтарында өткiзiлетiн конгрестерге, конференцияларға, көркем фестивальдерге және басқа да халықаралық iс-шараларға Тараптардың ғылым, бiлім беру, мәдениет және өнер салаларындағы көрнектi қайраткерлерiн өзара шақыруға және олардың қатысуына жәрдемдесетiн болады.
 
                          3-Бап
 
      Тараптар бiлiм беру саласында мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастық пен тәжiрибе алмасуға жәрдемдесетiн болады:
      а) лекциялар оқуы мен ғылыми зерттеулер жүргiзуi үшiн оқытушылар, стажерлер, аспиранттар және басқа да мамандар алмасу;
      ә) жоғары оқу орындарында, аспирантурада оқуы және тағылымдамадан өтуi үшiн орындар мен стипендиялар тағайындау;
      б) екi ел халықтарының тiлi мен әдебиетiн, тарихы мен мәдениетiн оқып-үйрену;
      в) студенттермен және оқушылармен алмасу;
      г) екi елдiң мәдени, географиялық экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын мектеп оқулықтарында, университеттердің тарих курстарында дұрыс бейнелеу iсiнде, соның iшiнде бiрлескен жұмыс топтарын құру құжаттармен және материалдармен алмасу арқылы өзара iс-қимыл жасау;
      д) академиялық мекемелердiң, оқу орындарының, ғылыми-зерттеу

 

институттарының және басқа да ұйымдардың арасында тiкелей

байланыстарды дамыту және тереңдету.


                            4-Бап


     Тараптар тиiстi ведомстволар арасындағы жекелеген келiсiмдер

жасасу жолымен өздерiнiң оқу орындары мен ғылыми мекемелерi берген

куәлiктердi, дипломдарды, атақтар мен ғылыми дәрежелердi өзара тануды

көтермелейтiн болады.


                            5-Бап


     Тараптар мамандарға өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес

кiтапханаларына, архивтерiне және басқа да мәдени мекемелерiне өзара

рұқсат беретiн болады.


                             6-Бап


     Тараптар фильмдердi алмасу және сатып алу, кино фестивальдарын

өткiзу, сондай-ақ мерзiмдi кинобасылымдармен алмасу мақсатында

кинематографиялық ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты көтермелейтiн

болады.


                             7-Бап


     Тараптар экономикалық және әлеуметтiк-мәдени даму жөнiндегі радио

мен телевизиялық бағдарламаларды тұрақты алмасуға жәрдемдеседi, сондай-ақ

осы салада мамандар алмасуды көтермелейтiн болады.


                            8-Бап


     Тараптар ақпараттық агенттiктер мен басқа да бұқаралық ақпарат

құралдары арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесетiн болады.


                            9-Бап


     Тараптар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты

көтермелейтiн және қолдайтын болады.


                            10-Бап


     Тараптар жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастыққа қолдау көрсететiн

болады.


                            11-Бап


     Тараптар туризм, дене мәдениетi және спорт саласындағы

ынтымақтастықты дамытуды қолдайтын болады.


                            12-Бап


     Тараптар өздерi қатысушылары болып табылатын халықаралық

келiсiмдерге сәйкес өз аумақтарында заңды және жеке тұлғалардың

авторлық құқықтарын өзара қорғауға міндеттенедi.


                            13-Бап


     Тараптар өздерi мүшесi болып табылатын халықаралық келiсiмдер мен

ұйымдардың шеңберiнде ынтымақтастықты көтермелейтiн болады.


                              14-Бап       


     Осы Келiсiм Тараптардың басқа келiсiмдерiнен туындайтын құқықтары

мен мiндеттерiне ықпал етпейдi.


                             15-Бап


     Осы Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру үшiн ынтымақтастықтың

қаржылық шарттары мен ұйымдық нысандары бар ведомствоаралық бағдарламалары

жасалатын болады.


                             16-Бап


     Осы Келiсiмнiң ережелерін түсiндiруге қатысты даулар келiссөздер

және консультациялар арқылы реттелетiн болады.


                           17-бап



 
       Осы Келiсiм Тараптардың өздерiнiң заңдарында көзделген мемлекетiшiлiк процедуралардың орындалғаны туралы екеуi де бiр-бiрiне хабарлаған сәттен бастап күшіне енедi.
 
                             18-Бап
 
      Осы Келiсiм 5 жыл мерзiмге жасалды. Оның қолданысы, егер Тараптардың бiрде-бiрi бесжылдық мерзiм аяқталғанға дейін кем дегенде алты ай бұрын Келiсiмнiң күшiн жою ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлау арқылы мәлiмдемесе келесi бесжылдық мерзiмге ұзартылатын болады.

 

     Осы Келiсiмнiң күшiн жойған жағдайда оның негiзiнде қол қойылған

ынтымақтастықтың кез келген бағдарламасы Келiсiм қолданысының мерзiмi

аяқталғанға дейiн өзiнiң күшiн сақтайды.

     Бухаресте 1998 жылғы "21" қыркүйекте әрқайсысы қазақ, румын және

орыс тiлдерiнде жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.


     Қазақстан Республикасының                Румыния

        Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін


   Оқығандар:    

   Қобдалиева Н.

   Орынбекова Д.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады