Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық кеңесінің Атқарушы комитеті аппаратындағы Қазақстан Республикасының өкілдері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 20 шілде N 1016 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. N 333 қаулысымен. ~P020333

      Орталық Азия экономикалық қоғамдастығына (ОАЭ)) қатысушы мемлекеттердің Премьер-Министрлер кеңесінің "Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық кеңесі Атқарушы комитетінің шығыс сметасы туралы" 1999 жылғы 17 маусымдағы шешіміне сәйкес және ОАЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің Атқарушы комитеті қызметін қаржыландыруға қатысушы мемлекеттер бөлетін қаражатты үнемді және ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық кеңесінің Атқарушы комитетінде квоталық қызметкерлер санының қысқартылуына байланысты Орталық Азия экономикалық қоғамдастығының Мемлекетаралық кеңесінің Атқарушы комитетіне бұрын Қазақстан Республикасынан жіберілген мына қызметкерлер кері шақырылсын:
      Боранбаев Болат Жақанұлы - Басқарма бастығы;
      Сәбеков Бегдан Сәбекұлы - бас сарапшы;
      Ділмағамбетов Шүкірбай Нәжмұхамедұлы - бас сарапшы;
      Таукенов Қайырлы - бас сарапшы.
 
      2. "Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық кеңесінің Атқарушы комитеті аппаратындағы Қазақстан Республикасының өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 сәуірдегі N 510 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      тақырыптағы және мәтіндегі "Қырғыз Республикасы" деген сөздерден кейін "Тәжікстан Республикасы" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтың екінші-бесінші азбацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Пірімбетов Серік Достанұлы - Мемлекетаралық кеңес Атқарушы

 

комитетіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі, Атқарушы комитет

төрағасының орынбасары";

     "Жадрина Тішкен Ошаққызы - бас сарапшы"

     "Тәжібаев Асқар Ерлікұлы - бас сарапшы".

     3. "Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан

Республикасы Мемлекетаралық кеңесінің Атқарушы комитеті жанындағы Құқықтық

ақпарат алмасу жөніндегі орталықтың хатшылығындағы Қазақстан

Республикасының өкілі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы

14 мамырдағы N 436 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады