Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн және авиация қызметiн пайдалану туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк авиациялық регистрi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мемавиарегистр) таратылсын.
Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Мемавиарегистрдi таратуды жүргізсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк авиациялық регистрi", "Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникациялар кешенiнiң Ақпараттық- презентация орталығы" мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 наурыздағы N 234 P990234_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 9, 67-құжат):
қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникациялар кешенiнiң Ақпараттық-презентация орталығы мемлекеттiк мекемесiн" қайта ұйымдастыру туралы";
1-тармақта:
"мемлекеттiк мекемелер" деген сөздер "мемлелеттiк мекеме" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша алынып тасталсын;
2-тармақта:
"кәсіпорындар" деген сөз "кәсіпорын" деген сөзбен ауыстырылсын;
"оларға" деген сөз "оған" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Кәсіпорынның жарғысы бекітілсін, оның қызметінің негізгі түрлері мыналар деп көзделсін:
магистральды көлік, жол шаруашылығы телекоммуникациялық байланыс және почта аясындағы қызметтерді жүзеге асыру";
3-тармақтың 2) тармақшасындағы "кәсіпорындардың" деген сөз "кәсіпорынның" деген сөзбен ауыстырылсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі