Орталық Азия мемлекеттерi мен Ресей Федерациясы Үкiметi басшыларының 1994 жылғы 11 қаңтардағы Нөкiс қаласындығы шешiмiмен қабылданған таяудағы 3-5 жылға арналған Арал теңiзi бассейнiндегi экологиялық ахуалды жақсарту жөнiндегi нақты әрекеттердiң бағдарламасына сайкес, аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуын ескере отырып, сондай-ақ сумен жабдықтау жөнiндегi Пилоттық жобаны (бұдан әрi - Пилоттық жоба) iске асыруды жеделдету және Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң 7,0 (жетi) млн. АҚШ доллары мөлшерiндегi заем қаражатын және республикалық бюджеттен 200,0 (екi жүз мың) АҚШ долларына бағамды коса қаржыландыру қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны қаржыландыруға бағытталған 7 200 000,00 (жетi миллион екi жүз мың) АҚШ доллары сомасындағы қаражатты бөлу бекiтiлсiн.
2. Пилоттық жобаны басқару және оның iске асырылуы үшiн жауапкершiлiк - Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң жанындағы Арал өңiрiнде су шаруашылық жобаларын жүзеге асыру тобына, ал заемның қаражаты мен республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуы үшiн - Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетiне жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкi арасындағы 1997 жылғы 24 қаңтардағы заем туралы Келiсiмдi (Сумен жабдықтау жөнiндегi пилоттық жоба) бекiту туралы" 1997 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген Заем туралы Келiсiмге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мыналар белгiленсiн:
1) Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң заем қаражатынан қаржыландырылатын Пилоттық жоба шеңберiндегi жабдықтардың, оларды құрайтын босалқы бөлшектердiң, суқұбыры желiлерiн салу үшiн қажеттi материалдардың және көрсетiлетiн қызметтердiң импорты жоғарыда аталған Заем туралы келiсiмнiң ажыратылмас бөлiгi болып табылатын, 1985 жылғы 1 қаңтардағы Заемдар мен кепілдiктер туралы шарттарға қолданатын Жалпы ережелердiң 5.08 параграфына сәйкес қосылған құнға салынатын салықтан және кеден бажынан босатылады;
2) Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң заем қаражаты есебiнен бейрезиденттiң кiрiсi бейрезидент резидентi болып табылатын мемлекетпен арадағы Қосарланған салық салуды болдырмау туралы қонвенцияның ережелерiне сәйкес салық салуға жатады;
3) Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң заем қаражаты есебiнен кiрiс алатын бейрезидент резидентi болып табылатын мемлекет арасында Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция болмаған жағдайда, онда мұндай бейрезиденттiң кiрiсi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық салуға жатады.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi Қызылорда облысының әкiмiмен бiрлесiп, заем қаражатына алынған тауарлар мен қызмет көрсетулердiң есебiн жүргiзсiн, сондай-ақ ай сайын қаржылық есеп, және тоқсан сайын - Пилоттық жобаның iске асырылу барысы туралы есептердi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сыртқы қарыз алу жөнiндегi комитетiне тапсырып тұрсын.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сыртқы қарыз алу
жөнiндегi комитетi заемның iске асырылуын жалпы үйлестiрудi,
тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алудың
жүргiзiлуiн, сондай-ақ келiсiмшарттардың жасалуын және Халықаралық
Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң ережелерiне сәйкес олар бойынша
төлемдердi бақылауды жүзеге асырсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 27 шілдедегі
N 1066 қаулысымен
бекітілген
N Санаты ХКДБ Қазақстан Республикасы
тарапынан Үкіметінің тарапынан
АҚШ долл. АҚШ долл. қаржыландыру
қаржыландыру
1 2 3 4
1 Құрылыс жұмыстары 5 900 000 -
2 Тауарлар сатып алу 45 000 -
3 Консультациялық 600 000 200 000
қызмет көрсетулер
4 Бөлінбеген сома 455 000 -
Барлығы: 7 000 000 200 000
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.