Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 шілде N 1076

     1999 жылдың 14 шілдесінде Кіші Алматы өзенінің арнасында нөсерден пайда болған селді тасқынға байланысты төтенше жағдайлардың зардаптарын жою мақсатында, сондай-ақ алдағы сел қаупі бар кезеңде Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында қауіпті селді құбылыстардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағындағы өзендердің арнасында селден қорғау құрылыстары мен тұрақтандыру конструкцияларын авариялық-қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға арналған қаражаттың есебінен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне 50 (елу) млн. теңге бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады