Қазақстан Республикасының темiржол саласында одан әрi монополиясыздандыру және бәсекелестiк ортаны дамыту, сондай-ақ темiржол көлiгi ұйымдары қызметiнiң тиiмдiлігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын заңдарда белгiленген тәртіппен одан:
1) "Көлiктелеком" еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын бөлiп шығару және оны "Көлiктелеком" ашық акционерлiк қоғамы етiп қайта құру;
2) "Фирмалық көлiк қызметiн көрсету орталығы" еншілес мемлекеттiк кәсiпорнын бөлiп шығару және оның негiзiнде "Көлiктiк сервис орталығы" ашық акционерлiк қоғамын құру;
3) Қазақстан темiржол көлiгi объектiлерiн техникалық-экономикалық жағынан зерттеу және жобалау мемлекеттiк институты - "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының "Қазтемiржолкөлiкжобалау" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын бөлiп шығару және оны Қазақстан техникалық-экономикалық зерттеу және темiржол көлігі объектiлерi мен ақпарат жүйелерiн жобалау институты - "Қазтемiржолкөлiкжобалау" ашық акционерлiк қоғамы етiп қайта құру;
4)
5)
6)
Осы тармақта аталған ашық акционерлік қоғамдардың жүз проценттік мемлекеттік үлестерінің бар екендігі көзделсін.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан 4), 5), 6) тармақшалар алынып тасталды - ҚР
Үкіметінің 2000.02.15. N 244 қаулысымен. P000244_
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Көлік,
коммуникациялар және туризм министрлігімен бірлесіп, заңдарда
белгіленген тәртіппен кейіннен осы қаулының 1-тармағында аталған ашық
акционерлік қоғамдарды жекешелендіру туралы ұсыныстар енгізе отырып,
осы қаулыны іске асыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.