Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар "Отель Астана" ашық акционерлік қоғамының мемлекеттік емес сыртқы заем бойынша мерзімі өткен төлемін өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 6 тамыз N 1110

      Қазақстан Республикасының шетелдік кредиторлар алдындағы мiндеттемелерiн орындау және дефолт фактiлерiне жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгі бар бұрын берiлген мемлекеттiк емес сыртқы заемды республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі:
      1) 1997 жылғы 31 қазандағы N 0000028 берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiне сәйкес, шетелдiк банктер шоттарының негізiнде "Отель Астана" ашық акционерлiк қоғамы үшiн мерзiмi өткен төлемдi 1999 жылға арналған республикалық бюджетте "Несиелендiру" бөлiмi бойынша көзделген қаражат шегінде төлем күнгі бағамдық айырмашылықтың өзгерiстерiн ескере отырып, 1 012 712, 00 АҚШ доллары (бiр миллион он екi мың жетi жүз он екi) мөлшерiнде төлесiн;
      2) "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамымен және "Отель Астана" ашық акционерлiк қоғамымен соңғысы республикалық бюджетке 1 012 712, 00 (бiр миллион он екi мың жетi жүз он екi) АҚШ долларына баламды соманы, тең үлестермен (ай сайын) - 84 392,67 (сексен төрт мың үш жүз тоқсан екi доллар, алпыс жетi цент) АҚШ долларын төлем күнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағамы бойынша теңгемен уақтылы қайтаруды қамтамасыз ету жөнінде он күндiк мерзiмге үш жақты келiсiм жасассын;
      3) келiсiмде "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамының

 

республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету

жөнiнде қажеттi шаралар қабылдауды көздесiн.

     2. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамына "Отель

Астана" ашық акционерлік қоғамының республикалық бюджетке ай сайын

аударуға жататын сомаларға жылдық 10%-тік ай сайынғы есептеуді қамтамасыз

ету ұсынылсын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады