Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің штат санын ұлғайту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 тамыздағы N 1112 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi аумақтық органдарының штат санын 4 бiрлiкке қысқарту есебiнен Қазақстан Республикасы Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттігiнiң штат саны 4 бiрлiкке ұлғайтылсын. 
      2.  Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21.  N 1433  Қаулысымен.
      3. "Штат саны лимитiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 ақпандағы N 132 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер мен агенттiктердiң (министрлiктердiң жанындағы комитеттердi қоса алғанда) орталық аппараттары мен олардың аумақтық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң штат саны лимитiнде:
      реттiк нөмiрi 3-жолдағы "10617" және "9759" деген сандар "10613" және "9755" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 15-жолдағы "22", "22" деген сандар "26", "26" деген сандармен ауыстырылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады